$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.06.2020, 12:25
Экономика

Биыл жазғы демалыс қазақстандықтарға қаншаға түседі

Қазақстан ішінде демалғысы келетін туристер саны артқан

Биыл жазғы демалыс қазақстандықтарға қаншаға түседі
Фото: ашық дереккөзден

Биыл біраз елде халықаралық рейстер жаңғыртылды, сондықтан қазақстандық туристерге енді шетелге демалуға шығуға болады. «Қызу» турлардың орташа құны бір адамға шаққанда, 350 000 теңгені құрайды. Бұдан бөлек басқа да: туристік сақтандыру, CОVID-19 тесті және медициналық құралдар сатып алу сияқты шығындар бар. Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясының мамандары зерттеу жүргізіп, биылғы жазда курорттарда демалу қазақстандықтарға қаншаға түсетінін анықтады.                                 

ҚАЗАҚСТАНДА ДЕМАЛУ ҚҰНЫ

2019 жылы қазақстандықтар шетелге 8,2 миллион мәрте шыққан. Соның 5 миллионнан астамы ішкі туризмге жатады. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. Алайда, биыл коронавирус пандемиясы салдарынан жағдай өзгерді: көптеген елдерде шекараның жабылуына байланысты, туристік белсенділік қаңтар айынан бастап бәсеңдеді. Нәтижесінде, көктемде шетелде демалуды жоспарлаған қазақстандықтар бұл ойларынан бас тартуға мәжбүр болды. Шекара ашылғаннан кейін де билет сатып алуға ұмтылғандар аз. Көбі қауіпсіздік мақсатында, ал кейбірі табыстарының азаюына байланысты саяхаттан бас тартты.    

Осыған орай Қазақстанның ішінде демалғысы келетіндер қатары көбейді. Көптеген турфирмалар жол жүру (ұшу), тамақтану және күнелту құнын көтеруді әзірше тоқтатқан, соның арқасында туристерге қолайлы жағдайлар туды. Дегенмен, кейбір фирмалардың бағаны 10%-ға дейін өсіргені байқалады.  

«Қазақстанның ең танымал туристік орындарында демалу құны орташа есеппен 14 000 теңгені құрайды. Мысалы, Алакөлде бір тәулік демалуға 9 000-10 000 теңге кетеді. Зеренді мен Бурабайдағы бағалар да осыған ұқсас. Ал сауықтыру орталықтарындағы баға қымбатырақ. Мысалы, ШҚО марал шаруашылығында демалу үшін тәулігіне 22 000 теңгеден 32 000 теңгеге дейін жұмсайсыз», - делінген зерттеуде.

ШЕТЕЛДЕ ДЕМАЛУ ҚҰНЫ

2018 және 2019 жылдары туристер ең көп баратын елдер Түркия, Египет, БАЭ, Тайланд, Греция, Болгария, Чехия және Қытай саналған. Қазақстандықтардың талғамы биыл да өзгермеген деуге болады. Шетелде демалуды қалайтын туристердің 85%-ы Түркия, Египет, Қытай, БАӘ, Тайланд, Грузия, Мальдив және Шри-Ланка аралын таңдаған.

 

Серіктес жаңалықтары