$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2020, 11:38
Экономика

Мәжіліс қалдықтан электр энергиясын өндіру туралы Заңды мақұлдады

Заң Сенаттың қарауына жіберілді

Мәжіліс қалдықтан электр энергиясын өндіру туралы Заңды мақұлдады
Фото: ашық дерек көздерінен

Мәжіліс депутаттары тұрмыстық қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату үшін құқықтық база қалыптастыру мақсатында Заң жобасын әзірледі.

«Заң жобасы тұрмыстық қатты қалдықтарды термиялық жолмен өңдеу арқылы электр энергиясын алуды көздейді. Бұл процестер экономикалық, экологиялық оң нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізеді. », - деді Заң жобасы туралы депутат Шавхат Өтемісов.

Заң жобасын екінші оқылымға дайындау шеңберінде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды құқық қолдануда іске асыру үшін қайшылықтарды болғызбауға және құқықтық олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған түзетулер енгізген. Сонымен қатар, Комитет Қазақстан Республикасының Су кодексіне және «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулерді қаралған.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары