Қостанайда зауыт жылына 700 тракторға дейін шығарады
Ол қазақ-ресей бірлескен кәсіпорны
Бүгінде елімізде 153 мың трактор мен 42 мың бірлік комбайн тіркелген. Тракторлардың 65%-ы мен комбайндардың 46%-ы 17 жылдан астам пайдаланылуда, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
«Осы бағытта жасалып жатқан жұмыс ретінде 2019 жылдың 23 қазанында «Қостанай трактор зауыты» базасында «Кировец» тракторлары өндірісінің ашылуын атап өту керек. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 700 тракторды құрайды», - делінген хабарламада.
Жоба Қазақстан мен Ресейдің өнеркәсіптік кооперация бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Техника өндірісі Қостанай қаласының индустриалдық аймағында «Петербург трактор зауыты» АҚ-мен ынтымақтастықта басталды.
«Кировец» тракторлары қазақстандық шаруалар арасында мықты әрі төзімді техника ретінде жоғары сұранысқа ие. Бұл ретте Қостанай трактор зауытының өнімін «ҚДБ-Лизинг» АҚ, «ҚазАгроҚаржы»АҚ және «ТехноЛизинг» ЖШС ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдаудың қолданыстағы лизингтік бағдарламалары шеңберінде сатып алуға болады», - делінген хабарламада.
2014 жылы «Кировец» жаңартылған нұсқаның сериялық өндірісін тапты. Оған жетілдірілген және сенімді гидравликалық жүйе қойылды. Сондай-ақ техниканы 3-ші және 4-ші санатты ауыл шаруашылығы жабдықтарымен толықтыруға мүмкіндік беретін бірегей әмбебап ауыл шаруашылығы техникасымен жабдықталды. Трактордың ішкі және сыртқы дизайны да өзгерді.