Тоқаев: Азық-түліктің қымбаттауы экономиканың осалдығын көрсетеді

Жарияланған:
30.10.2019, 05:53

Мемлекет басшысы тамақ өнімдерінің, ең алдымен, нан мен ет өнімдерінің қымбаттауына жол бермеу керектігін айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

Фото: sputniknews.kz

Азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуі Қазақстан экономикасының осалдығын көрсетеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеді.

«Азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуі біздің экономикамыздың осалдығының айқын көрсеткіші болып табылатынын мойындау керек. Мысалы, сыртқы нарықтарда конъюнктураның нашарлауына сілтеме жасау мүлдем орынсыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, Үкімет экономика өсімінің жаңа тетіктерін құру үшін қосымша шаралар әзірледі.

«Бұл шараларды мен арнайы кеңесте мақұлдадым. Оларды шұғыл түрде жүзеге асыру қажет», - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Президент келесі бір маңызды міндет ретінде қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайын айтты. Ол жұмыссыздық проблемасын, медициналық қызмет көрсету ісін жақсарту қажеттігін, сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығын ерекше атап көрсетті.

Өмір сапасын арттыру мен қаланың инфрақұрылымын дамыту ісін қамтамасыз ету мәселелері де мемлекет басшысының назарынан тыс қалмады.

«Біз Алматыны халықаралық бизнес және туризм орталығы ретінде көрсетеміз. Сондықтан қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі барлық жұмыс халықаралық стандарттарға сай бейімделуі тиіс», - деп тапсырды Тоқаев.

Оның айтуынша, ең бастысы азаматтарға қалада өмір сүру қолайлы әрі жайлы болуы керек.

«Бұған үйге баратын жолдың болуы, әлеуметтік инфрақұрылымның жақын әрі қолжетімділігі, сапалы ауызсумен, газбен, үздіксіз электр қуатымен және жылумен қамтамасыз етілуі сияқты бірқатар факторлар әсер етеді», – деді мемлекет басшысы.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
Қазақстандықтар зейнетақы қорынан мерзімінен бұрын 250 млрд теңге алып кеткен
Қазақстан деректерді транзиттеуден 300 млн доллар табыс табуды жоспарлап отыр
Зейнетақы активтері жыл соңына дейін жеке компаниялардың басқаруына өтуі мүмкін

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағына» Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова жауап берді
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов