$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.10.2019, 11:20
Экономика

«7-20-25»: ең көп ипотека рәсімдеген үш облыс

«7-20-25» бағдарламасы арқылы бүгінге дейін қарыз алуға 227,2 млрд теңгеге 20 137 өтініш қабылданды

«7-20-25»: ең көп ипотека рәсімдеген үш облыс

Бұл туралы «Баспана» ипотекалық ұйымы хабарлайды. Нәтижесінде 136,2 млрд теңге сомасына қарыз беруге 11 934 өтінім мақұлданды.

Компания таратқан кестеде «»7-20-25» бағдарламасына жүгініп, баспаналы болғандардың ең көбі Ақтөбе облысында екені көрсетілген. 693 өтініш түсіп, пәтер алуға 6 млрдқа жуық қаржы бөлінген. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы. Өңірде 645 өтініш түсіп, 5 млрд 700 млн теңгеге жуық қаржыға ипотека рәсімделген.  Қостанай облысы  525 өтінішпен үшінші орында. Онда тұтынушылар банк арқылы 3,8 млрд теңгеге баспаналы болған.

«7-20-25» бағдарламасы арқылы үй алғандар саны ең аз аймақ Қызылорда облысы.  Сыр өңірінде небәрі  101  өтініш түсіп, 800 млн теңге мақұлданған.

Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы 2018 жылы шілде айында іске қосылды. Оның операторы «Баспана»  бағдарлама арқылы ипотека беретін 7 банкпен келісімшартқа қол қойған. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#баспана #7-20-25