Қазақстандағы үшінші АЭС-ті Қытай салады
Екінші АЭС-тің құрылысымен де Қытай айналысады

Қазақстандағы үшінші атом электр станциясын көрші Қытай елі салады. Бұл туралы бірінші вице-премьер Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Үшінші атом электр станциясын Қытай салады. Қазір осы станция орналасатын жерді анықтап жатырмыз. АЭС жанында міндетті түрде тұрақты сумен қамту көзі болуы қажет және электр энергиясын беретін аймақтар анықталуы керек. Осы жұмыстар жақын арада аяқталып, биыл станциялардың қайда салынатынын жариялаймыз деп ойлаймын», - деді Скляр Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Естеріңізге салайық, еліміздегі алғашқы атом электр станциясын ресейлік «Росатом» салады. Ал екінші атом электр станциясын салу жобасы Қытайдың мемлекеттік CNNC корпорациясына берілді.