$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев «ҚТЖ» төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады

Компания басшысы президентке өзі атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп берген

Тоқаев «ҚТЖ» төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Талғат Алдыбергенов президентке ұлттық компания қызметінің нәтижелері туралы есеп берген.

Оның айтуынша, биыл бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша эксплуатациялық жүк айналымы 8,6 пайызға ұлғайған. Транзит тасымалының көлемі 14,6 миллион тоннаға жеткен. Ол сондай-ақ трансұлттық теміржол дәлізін қалыптастыру үшін 1700 шақырымнан астам жаңа желі салынып, 3 мың шақырым жол жаңғыртылып жатқаны туралы баяндады. Соның ішінде:

  • биыл Достық-Мойынты учаскесіндегі жолдың екінші бөлігі және Алматы бекетін айналып өтетін темір жол желісінің құрылысы аяқталады;
  • Дарбаза – Мақтаарал жобасы жалғасып жатыр;
  • Бақты – Аягөз және Қызылжар – Мойынты желілерінің құрылысы басталды.

«Транскаспий халықаралық көлік дәлізіндегі транзиттік декларацияны ресімдеу уақыты 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды», - дейді ҚТЖ төрағасы.

Тоқаев Қазақстанның транзит әлеуетін және экономикасын дамытуда компания үлкен рөл атқаратынын атап өтіп, көлік инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың маңызына тоқталды.

Серіктес жаңалықтары