$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қазір 52 мың, болашақта 450 мың адам демалады»: Балқаш көлі қалай өзгермек

Жетісу облысының әкімдігі көлдің инфрақұрылымына қатысты ақпарат берді

«Қазір 52 мың, болашақта 450 мың адам демалады»: Балқаш көлі қалай өзгермек
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Биыл Балқаш көлінің жағалауындағы жағажайларға жарық пен су беріле бастайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Балқаш жағалауындағы инженерлік инфрақұрылымның құрылысы 2024 жылы басталған, ал жоба 2026 жылы бітуі тиіс болған. Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдос Бекетаев инфрақұрылым 2026 жылға дейін салынып бітеді дейді.

Облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы Дәркен Нұржановтың сөзіне сүйенсек, бұл демалыс аймағының алаңы 1682 гектар. Ол жерге 23 мың адам сыятын 7100 бөлмесі бар қонақ үйлер салынады.

«Инженерлік инфрақұрылымы тартылған аймаққа бизнес өкілдері тартылып, демалыс аймақтары бәсекелестік ортада дамиды. Бұл ретте ең алдымен халыққа ортақ қолданыстағы, тегін 6 қоғамдық жағажай жасалады. Мұнда медицина пункті, полция пункті, құтқарушылық қызмет, ана мен бала бөлмесі сияқты барлық қажеттіліктер қарастырылады. Қоғамдық жағажайды күтіп ұстау аудан әкімдігінің жауаптылығына беріледі. Жағажай қызметі үшін коммуналдық мекеме құру, техника сатып алу жұмыстарына кірістік», - дейді Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Маманбаев.

Жалпы қазір Балқаш көлінде 52 мың адам демалса, жағалау қажетті инфрақұрылыммен қамтылып, дамыған соң маусымына 450 мыңнан астам адам демалады деген жоспар бар.

Серіктес жаңалықтары