$ 510.58  571.8  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Инвестор прокуратураның арқасында Байзақ ауданындағы жерді игере бастады

Компания «Көкбастау» жер қорынан орын алып отыр

Инвестор прокуратураның арқасында Байзақ ауданындағы жерді игере бастады
Фото: //bilim-all.kz/

Байзақ ауданының прокуратурасы іске араласқан соң, аймаққа келген инвестор «Көкбастау» жер қорынан жер алып, оны игере бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, инвестор әуел баста Байзақ ауданындағы басқа орынды игеруі керек еді. Алайда тұрғындар табиғатқа зиян келетінін айтқан соң, компания әкімдіктен басқа орын сұраған.

«Жер комиссиясы 2024 жылғы 14 қарашада аталған мәселе бойынша оң қорытынды қабылдаған. Алайда, «Алель-Агро» АҚ-ы өкілінің 2024 жылғы 22 қазандағы берілген өтініші түпкілікті шешімін таппаған және ол бойынша тиісті қаулы шықпаған. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 2025 жылы 26 наурызда инвесторға Байзақ ауданы «Көкбастау» жер қорының жерінен ауыстыру арқылы беріліп, жерлерді игеру басталды. Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды аймақтың прокуратурасы.

Серіктес жаңалықтары