$ 510.06  566.32  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жалақыны көтеріп, қонақ үй салады: Алматы әуежайы бес жыл ішінде қалай өзгереді

Әуежай қызметкерлері үшін медициналық орталық ашылады

Жалақыны көтеріп, қонақ үй салады: Алматы әуежайы бес жыл ішінде қалай өзгереді
Фото: Instagram/almatyinternationalairport

Түркиялық TAV Holding холдингі алдағы бес жылда Алматы әуежайын дамыту үшін 362 млн доллар инвестиция құяды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанның Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Осы құжат аясында әуе айлағы қызметкерлерінің еңбек жағдайын едәуір жақсартуға ерекше назар аударылады. Инвестор бірқатар корпоративтік бастаманы жүзеге асырады:

  • 2025 жылы әуежай қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға өседі;
  • әуежай аумағында әуежай қызметкерлері мен іргелес аудандардың тұрғындары үшін жаңа медициналық орталық ашылады;
  • инвестор биыл әуежайда кемінде 600 қосымша жұмыс орнын ашады;
  • әуежай аумағында ACI орталығымен аккредиттелген арнайы оқу орталығы іске қосылады;
  • қызметкерлер үшін жеке асхана ашылады.

«2025 жылдан 2029 жылға дейін TAV Holding әуежайды дамытуға қосымша 362 миллион доллар инвестиция құяды. Осы қаражат есебінен ұшу-қону жолағы қайта жаңартылып, жүк тасымалдаумен айналысатын компаниялар үшін жаңа перрон салынады, ішкі рейстер терминалы жөнделеді, қолда бар жүк қоймалары жаңғыртылып цифрландырылады, сондай-ақ әуежай қонақ үйі салынып, әуежайдың жұмысын жақсарту үшін басқа да іс-шаралар атқарылады», - деп мәлімдеді Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетері, Алматы әуежайының жалпы ауданы 53 500 шаршы метр болатын жаңа терминалы былтыр маусым айында пайдалануға берілген.

Серіктес жаңалықтары