$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандағы танымал кәсіпкер сән-салтанат салығына қатысты пікір білдірді

Қанат Көпбаев Forbes.kz нұсқасы бойынша табысты кәсіпкерлердің тізімінде 21 позицияда тұр

Қазақстандағы танымал кәсіпкер сән-салтанат салығына қатысты пікір білдірді

Қазақстандағы танымал кәсіпкер, «Kusto group» co founder иесі әрі «Бәйге» федерациясының президенті Қанат Көпбаев қазір талқыланып жатқан сән-салтанат салығына қатысты ойын айтты, деп жазады Azattyq Rýhy..

Журналист Айкерім Есенәліге берген сұхбатында ол ауқатты адамдардың салығы туралы ойын айтты.

«Салық өссін, бірақ оның да шегі болу керек. Франция мен Англияда байлық салығы өсіп еді миллионерлердің барлығы шетелге «қашып» кетті. Көп кәсіпкер Дубайға көшіп жатыр» - деп мысал келтіре кетті.

Оның айтуынша, қазір Мәжіліс талқылап жатқан Салық кодексі қарапаймы халық үшін де, бизнес үшін де қиындық тудырмау керек.

«Әрине, біздің елдегі кәсіпкерлер қашады деп отырған жоқпын. Оның үстіне салық ол елге, халыққа жұмсалатын қаржы, ол өссе жақсы, бірақ не нәрсенің шегі болғаны дұрыс, - дейді ол.

Айта кетейік, Қанат Көпбаев Forbes.kz нұсқасы бойынша  табысты кәсіпкерлердің тізімінде 21 позицияда тұрған кәсіпкер.

Серіктес жаңалықтары