$ 510.84  579.7  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

YPO халықаралық ұйымында Қазақстаннан тек төрт әйел бизнесмен бар – Қанат Көпбаев

Оның пайымынша, бизнесте ерлер мен әйелдердің мүмкіндігі де, құқығы да тең болу керек

YPO халықаралық ұйымында Қазақстаннан тек төрт әйел бизнесмен бар – Қанат Көпбаев
Фото: скриншот

Белгілі кәсіпкер Қанат Көпбаев журналист Айкерім Есенәліге берген сұхбатында Қазақстан экономикасындағы кәсіпкерлер әйелдер мен ер адамдардың теңдігі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, үлкен табысты бизнесте әйелдердің аз болуы менталитетпен байланысты дүние.

«Біздің заманда, қатарластарымыздың арасында бизнестегі әйелдердің аз болуының бір себебі - сол кездегі таптаурындар еді. Яғни, біздің кезімізде қыз баласы жоғары білім алса, жақсы күйеуге шықса болды дейтін едік. Қазір олай емес, әйелдер де ер адамдармен бірдей білімді, бизнесте қабілетті» - дейді бизнесмен.

Кәсіпкер қыздарының бизнеске араласып, өзін дамытқанын қалайды. Сұхбат барысында о YPO халықаралық ұйымында 50 қазақстандық кәсіпкер болса, оның тек төртеуі арулар екені атап өтті.

Айта кетейік, YPO (Young Presidents Organisation) дегеніміз -  әлемнің 142 мемлекетінен 30 мыңнан астам компания иегерлері мүшелік ететін жабық  ұйым.

Серіктес жаңалықтары