$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда девальвация бола ма – Ұлттық банк жауабы

Біз үшін ең маңыздысы – мұнай бағасы дейді Сүлейменов

Қазақстанда девальвация бола ма – Ұлттық банк жауабы
Фото: istockphoto.com

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда девальвация бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, инфляциялық таргеттеу мен валютаның еркін айырбас бағамы режимі аясында теңгенің бір күнде күрт құлдырауы мүмкін емес. Теңге бағамына сыртқы факторлар, әсіресе мұнай бағасы әсер етеді.

«Біз үшін ең маңыздысы — мұнай бағасы. Егер мұнай бағасы ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде төмен болса, бұл Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктеріне, төлем балансына, ішкі нарықта доллардың сұранысына, тиісінше теңге бағамына әсер етеді. Егер мұнай бағасына, Қазақстаннның басқа да экспорттық тауарларына қолайлы баға сақталып, импорт бір уақытта төмендесе, онда жағдай тұрақтырақ болатыны түсінікті. Қазір әлемдік қаржы, энергетика, тауар нарықтарында нақты не болатынын дәл болжап айтатын бірде бір экономист жоқ шығар деп ойлаймын. Өйткені белгісіздік өте көп», - дейді Сүлейменов Ұлттық банкте өткен брифингте.

Ол қазір Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп АҚШ сияқты негізгі ойыншылардан түсіп жатқан ақпараттарды ескере отырып баламалы болжам дайындап жатқанын атап өтті.

«Қазір Ұлттық банк пен Ұлттық экономика министрлігіндегі әріптестеріміз тиісті есептеулер жүргізіп жатыр. Бүгін таңғы тоғызда премьер-министр осы мәселе бойынша жиналыс өткізді. Дүрбелең үшін үлкен себеп көріп тұрған жоқпыз. Экономикалық өсім, мемлекеттің қаржылық көрсеткіштері болжам шегінде сақталып отыр», - деп сендірді Сүлейменов. 

Серіктес жаңалықтары