$ 506.21  568.42  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ірі капитал иелеріне лобби жасаудың көрінісі бар – Саиров Салық кодексіндегі жеңілдікті естігенде ашуланып кетті

Үкімет жер қойнауын пайдаланатындарға жеңілдік бермек

Ірі капитал иелеріне лобби жасаудың көрінісі бар – Саиров Салық кодексіндегі жеңілдікті естігенде ашуланып кетті
Фото: скриншот видео t.me/mazhilis_kz

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Ерлан Саиров жер қойнауын пайдаланатын компанияларға берілетін 1,3 млн теңге көлеміндегі жеңілдікке ашуланып, үкіметтің бұл позициясымен келіспейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Салық кодексінің жобасында үкімет жер қойнауын пайдаланатын компанияларға 1,3 млн теңге жеңілдік беруді ұсынып отыр. Бұдан өзге, қатты металлдарды өңдеу туралы келісімге сай, олар 10 жыл бойы корпоративті салықтан, мүлік салығынан, импортқа салынатын қосымша құн салығынан босайды», - деген Ерлан Саиров оларға көзделген өзге де жеңілдіктерді тізіп шықты.

Серік Жұманғарин болса Қазақстан бірінші инвестициялық циклден шығып жатқанын, ал, қазір елімізде жаңа кен орындары табылмай жатқанын айтып, жаңа байлық көздерін табу үшін бұл компанияларға осындай жеңілдіктер беру маңызды деді.

«Жер қойнауы біздің табиғи байлығымыз, сондықтан біз екінші циклді бастаймыз. Соңғы жылдары біз бір де бір ірі кен орнын тапқан жоқпыз. Болашақта пайдамызға жарайтындар қорымыз да жоқ. Бұл салада жаңа кен орындары керек, сондықтан, осындай жеңілдіктер беріп отырмыз», - дейді Жұманғарин.

Бұған Серік Жұманғарин ашуланып, бұл бағытта елге пайдалы болатындай шешім көріп отырмағанын айтты.

«Өкінішке қарай, мен сұрағыма жауап алған жоқпын. Менің ойымша, ірі капитал иелеріне лобби жасаудың көрінісі бар. Сондықтан, Серік Мақашұлы, сізге айтар өтінішім бар: өз қоластыңыздағы шенеуніктерге ықпал етіңіз және премьер-министрге сәлем айта барыңыз. Бұлай жұмыс істеуге болмайды. Сіз болып, біз болып, мемлекеттің мүддесі үшін дұрыс шешім қабылдаймыз деп үміттенемін», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары