07.03.2025, 15:00
Экономика
Қазақстанда 18-ге толған жастардың шотына 8 млн доллар түсті
Бұл қаражат 75 329 адамның арасында бөлінген
Фото: Azattyq ruhy
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылған 2024 жылдың 1 ақпанынан бері 18 жасқа толған жастардың шотына 8 миллионнан аса доллар аударылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Жалпы, Қазақстан бойынша ұлттық қордан түскен қаражатын алу үшін 75 329 адамнан өтініш түскен екен.
«Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 43 781 адамның шотына 4,65 млн доллар, білім алу ақысын төлеу үшін 31 548 балаға 3,35 млн доллар аударылды», - деп хабарлайды БЖЗҚ.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы