$ 496.71  531.33  5.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда ипотека алу жеңілдейді: несие пайызына қатысты өзгеріс жарияланды

Қазір жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері – 25%

Қазақстанда ипотека алу жеңілдейді: несие пайызына қатысты өзгеріс жарияланды
Фото: freepik.com

Қазақстанда ипотекалық қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының шекті мөлшері 20 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Ұлттық банк пен Агенттік ипотека бойынша максималды пайызды төмендету арқылы ипотекалық тұрғын үй қарыздарының қолжетімділігін арттыруды көздеп отыр.

Қаулы жобасына сәйкес, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері 25 пайыздан 20 пайызға дейін төмендейді.

Ал қалған несиелер бойынша ЖТСМ шекті мөлшері өзгермейді: кепілсіз банк қарыздары бойынша – 46 пайыз; кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары бойынша – 35 пайыз.

Қаулы жобасы 26 наурызға дейін қоғам талқысына шығарылды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ипотека #Несие