$ 499.74  525.23  5.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бектенов тағы да екі аптаның тапсырмасын атады: бұл жолы мәселе Құрыққа қатысты

Өткен жолы ол олигархтартардың салығын өндіруге екі апта уақыт берген

Бектенов тағы да екі аптаның тапсырмасын атады: бұл жолы мәселе Құрыққа қатысты
Фото: үкімет

Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов ESTA Construction компаниясының бас директоры Мұстафа Топракпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Бектенов кездесу кезінде осы компаниямен арада  құны $1,3 млрд болатын тыңайтқыш зауытын салу үшін инвестиция туралы келісім жасау туралы тапсырма берген.

Дереккөзге сүйенсек, құны $1,35 млрд-ты құрайтын жоба Маңғыстау облысында, «Құрық» теңіз порты маңында ірі газ-химия өндірісін құруды көздейді. Құрылыс кезінде 3 мыңға дейін маман тартылып, құрылыс нәтижесінде 400 тұрақты жұмыс орны ашылады деген жоспар бар.

Айта кетейік, 28 ақпан күні Бектенов үкімет үйінде кеңес өткізіп, миллиардтап салық төлемей жүрген ірі компанияларға салығын заңдастыру үшін екі апта уақыт берген еді.

Серіктес жаңалықтары