Тоқаев пен Лукашенко қандай құжаттарға қол қойды?
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь басшысы Александр Лукашенко кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді
«Екі басшы күн тәртібіндегі екі жақты ауқымды мәселелерді талқылады және негізгі әңгіме сауда-экономикалық әріптестікті кеңейту бағытында өрбіді. Келіссөздер қорытындысы бойынша екі жақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, өзара серіктестікті одан әрі жандандыратын және халықаралық аренадағы іс-әрекеттерді үйлестіретін Бірлескен мәлімдемеге қол қойды», - деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Сондай-ақ мынадай құжаттарға қол қойылды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Беларусь Республикасының Тергеу комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы Келісім.
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік Комитеті және Беларусь Республикасының Президенті жанындағы Жедел-талдау орталығы арасындағы жедел-техникалық саладағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау туралы Келісім.
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2020-2021 жылдарға арналған ынтымақтастық Жоспары.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Беларусь Республикасының Мемлекеттік мүлік комитеті арасындағы жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша Келісім.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Беларусь Республикасының Ұлттық ғылым академиясы арасындағы Жерді қашықтықтан зондтау деректерімен алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім.