$ 519.29  613.28  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шардара су қоймасына Сырдария арқылы 2,6 млрд текше метр су келген

Бұл аймақта «Қазсушар» мекемесінің жергілікті дихандармен жасаған келісімшарттарының қаншалықты орындалғаны тексеріледі

Шардара су қоймасына Сырдария арқылы 2,6 млрд текше метр су келген
Фото: gov.kz

2025 жылдың қаңтар айында Сырдария өзені арқылы Шардара су қоймасына 2,6 млрд текше метр су келді. Бұл бастапқы болжамнан 100 млн текше метрге артық, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің Түркістан облысына жасаған сапары кезінде белгілі болған.

«Былтыр біз көрші елдермен белсенді келіссөз жүргіздік, осының нәтижесінде еліміздің оңтүстігіндегі шаруаларды суармалы сумен толық қамтамасыз еттік. Біз «Қазсушар» мекемесінің жергілікті дихандармен жасаған келісімшарттарының қаншалықты орындалғанын мұқият тексереміз. Атап айтқанда, келісімшартсыз су беру арқылы заң бұзушылық фактілері бар-жоғын анықтаймыз. Осыған дейін облысқа министрліктің Ішкі аудит департаментінің өкілдері келген болатын. Дүйсенбіден бастап біздің мамандардан жасақталған тағы бір жұмыс тобы тексеріс бастайды», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Серіктес жаңалықтары