$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Былтыр өтпей қалған Астана халықаралық форумы биыл өтетін болды

Халықаралық шара мамыр айының соңғы күндеріне жоспарланған

Былтыр өтпей қалған Астана халықаралық форумы биыл өтетін болды
Фото: istockphoto.com

Былтыр бюджеттегі қаражатты үнемдеу мақсатында өткізілмеген Астана халықаралық форумы осы жылы жалғасын табады. Премьер-министр Олжас Бектеновтің 2025 жылғы 29 қаңтардағы өкімімен форумды ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкімет басшысы ұйымдастыру комитетіне Астана халықаралық форумының жоғары халықаралық деңгейде дайындалуын және өткізілуін ұйымдастыруды, оның ішінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Астана халықаралық форумын дайындау және оны өткізу жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Ұйымдастыру комитетін вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басқарады.

Астана халықаралық форумы биыл 29-30 мамыр күндері өтеді деп жоспарланып отыр.

Естеріңізге салайық, былтыр көктемгі су тасқынының салдарын жою және зардап шеккендерге көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу мақсатында 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылданған болатын.

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#бюджет #форум