Ақпан айында Ұлттық қордан 650 млн доллар валюта сатылатын болды
Ұлттық банк қаңтарда 850 млн доллар сатқан

Үкіметтің өтінімі бойынша Ұлттық банк ақпан айында Ұлттық қордан 550 млн доллардан 650 млн долларға дейінгі мөлшерде валюта сатады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ұлттық банк Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімі бойынша республикалық бюджетке трансферт бөлу үшін ақпан айында Ұлттық қордан 550 млн доллардан 650 млн долларға дейінгі мөлшерде валюта сатады деп күтілуде», - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.
Ұлттқ банк мәліметінше, қаңтар айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 доллар үшін 1,3%-ға немесе 518,2 теңгеге дейін нығайған. Ал Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 254 млн доллардан 227 млн долларға дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 4,5 млрд долларды құраған.
Қаңтар айында Ұлттық банк Ұлттық қордан 850 млн доллар көлемінде валюта сатқан.
«Бұл республикалық бюджетке трансферт бөлуге, сондай-ақ «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырын салуға бағытталған инфрақұрылымдық жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 19%-ын немесе күніне шамамен 43 млн долларды құрады», - деді Ұлттық банктегілер.
Ұлттық банк қаңтарда зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне доллар сатып алмаған. Ақпан айында БЖЗҚ-ға валюта сатып алу жоспарланып отырған жоқ.