29.01.2025, 16:52
Экономика
Қазақстанда бензин алдымен 5 теңгеге қымбаттайды – Сәтқалиев
Ары қарай нарықта бағаны қымбаттатқандар тексеруге ұшырайды
Фото: Azattyq ruhy
Қазақстанда бензин алдымен 5 теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы бүгін өз министрлігінде журналистерге брифинг өткізіп жатқан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Біздің болжам бойынша, бензин бағасы бірінші қымбаттағанда 5 теңгеге қымбаттайды. Қазір біз нарықты осыған дайындап жатырмыз. Ары қарай, бензин бағасы күрт қымбаттаған жағдайда, мәселені шешіп отырамыз», - деді Сәтқалиев.
Энергетика министрі бензин 5 теңгеге қымбаттаған кезде бағаны күрт өсірген жанар-жағармай бекеттерін монополияға қарсы агенттік тексереді дейді.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді