$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Депутат жер қойнауын зерттейтін инвесторларға салық жеңілдіктерін беру керек дейді

Ізмұхамбетов атап өткендей, экологоия мен қоршаған ортаға зиян келтіретін үшін төлейтін салығы қалу керек

Депутат жер қойнауын зерттейтін инвесторларға салық жеңілдіктерін беру керек дейді
Фото: gov.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдаған депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов Қазақстанға келетін шетелдік инвесторларға салықтық жеңілдіктер беру туралы сауал жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Дәлірек айтсақ ол осы салықтың жеңілдіктерді көздейтін типтік келісімшарт әзірлеуді ұсынып отыр.

«Кешегі кеңейтілген үкімет отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «қазір бюджет тапшылығы бар екенін білесіздер. Сондықтан сапалы инвестиция әкелетін жауапкершілігі жоғары инвестицияларға қосымша жеңілдіктер беру мәселесін қарастыру жөн» деді. Жер қойнауын геологиялық зерттеуді және инвесторлардың қызығушылығын кеңейту үшін Президенттің тапсырмаларын басшылыққа ала отырып біз мыналарды ұсынамыз:

1. Жұмыстарды жүргізудің экологиялық және қауіпсіздігінен басқа, кейбір салық жүктемелері мен талаптарынан босатуды көздейтін, аз зерттелген аумақтар үшін іздестіру және барлау жұмыстарын жүргізудің үлгілік келісімшартын әзірлеу.

2. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында Шығыс Қазақстанда мұнай-газ саласына қатысты перспективалы «Сарбұлақ» құрылымы анықталды. Геофизикалық жұмыстардан кейін (2Д) бірнеше ұңғымалар бұрғыланды», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары