$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бюджет тапшылығы туындамау үшін үнемдеу керек – Қайрат Балабиев

Депутат үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты өз пікірін білдірген

Бюджет тапшылығы туындамау үшін үнемдеу керек – Қайрат Балабиев
Фото: primeminister.kz

Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев күні кеше өткен үкіметтің кеңейтілген отырысындағы басты мәселелерге назар аудара отырып, өз пікірін білдірген, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Президент жаппай цифрландыру дәуірі, жаңа технологиялық кезең еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты дамуына жол ашатын аса маңызды фактор екенін айтты. Әлемде климатқа байланысты ұстанымдардың үлкен өзгеріске ұшырауына байланысты «жасыл энергетиканы» жаңаша дамыту тәсілдерін қайта қарастыру дәстүрлі қуат көздеріне деген сұраныстың сақталуынан туындайды. Ал, бұл мұнай, газ және көмір бағасының тұрақсыздығына әкеп соқтыруда. Президент тарифтік тартыстарға тоқталды. Мұны шешу үшін өзімізде коммуналдық тұтынуға қажетті өнімдерді өндіру керек», - деді пікірін айтқан ол.

Кеңейтілген отырысыта талқыланған өзге де мәселелерге тоқталған ол кез келген елде заң қатаң сақталып, қоғамда тәртіп орнаса ғана даму болады деген ойын айтты.

«Шектеулер мен айыппұл мәселесіне келетін болсақ, күні кеше Президент мәжбүрлеу шарасы болмаса, тәртіп орнату мүмкін емес екенін әлемдік тәжірибенің көрсетіп отырғанын айтты. Сондай-ақ мемлекет ұстанымдарына түсіністікпен қарап, келіспейтін тұстарын диалог арқылы шешуге шақырды. АҚШ, Еуропа, Қытай, Корея, Жапонияда қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда болады. Ал, бұл адамдарды өз өмірі мен ақшасына жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ, қылмыстың алдын алуға септігін тигізіп келеді. Оның бәрі адамның көзімен емес, бейнебақылау құралдары арқылы тәртіп орнатады. Елімізде де соңғы жылдары криминогендік ахуал оңалып келеді. Расында да «тәртіпке бағынған құл, тәртіпсіз ел болмайды. Барлығы тек өзіміздің жүріс-тұрысымызға байланысты екенін ұмытпайық», - дейді Балабиев.

Серіктес жаңалықтары