$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда жұмысынан айырылған 293 мың адам мемлекеттен 88,3 млрд теңге алған

Соның ішінде, 258 мың адам бұл төлемді бірінші рет алған

Қазақстанда жұмысынан айырылған 293 мың адам мемлекеттен 88,3 млрд теңге алған
Фото: Azattyq ruhy

Былтыр елімізде 293 мың адам жұмысынан айырылған соң, міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына өтініш жазып, 88,3 млрд теңге көлемінде төлем алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің таратқан ақпаратына сүйенсек, осы адамдардың ішінде 258 мыңнан астам адам төлемді бірінші рет алған.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босаған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін айлығының 45 пайызына дейінгі мөлшерде төлем ала алады», - деп хабарлайды министрлік.

Егер сіз жұмысыңыздан айырылғаннан кейін жұмыс таба алмасаңыз, eGov.kz порталында өтініш беріп, осы төлемді ала аласыз.

Серіктес жаңалықтары