$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда темекі мен ішімдік сатып ала алмайтын банк картасы пайда болмақ

Сондай-ақ бұл картамен казино және букмекерлік кеңселерде төлем жасау мүмкін болмайды

Қазақстанда темекі мен ішімдік сатып ала алмайтын банк картасы пайда болмақ
Фото: istockphoto.com

2025 жылдың екінші жартысында Қазақстанда темекі мен алкоголь сатып алуға шектеуі бар банк карталары пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Azattyq Rýhy редакциясының ресми сауалына жауап берген ислам банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2025 жылдың екінші жартысында банк жеке және заңды тұлғалар үшін өнім желісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, шариғат қағидаттары мен нормаларына сәйкес темекі сататын арнайы дүкендерде транзакциялар шектелетін төлем картасын ашу мүмкіндігі жоспарланған. Сондай-ақ алкоголь, казино, букмекерлік кеңселер, бейне ойындар үшін де төлем болмайды», - деп жазған «Заман банк» ислам банкі.

Айта кетейік, бұған дейін біз Қазақстанда ислам ипотекасы қалай жүзеге асатынын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары