$ 522.63  548.66  5.07
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Талапты күшейтеміз»: салық төлеушілердің қандай жеңілдіктері қысқарады

Осылайша үкімет 1,3 трлн теңгені үнемдемек

«Талапты күшейтеміз»: салық төлеушілердің қандай жеңілдіктері қысқарады
Фото: Azattyq ruhy

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин жаңа салық кодексі аясында салық төлейтіндерге қойылатын талап күшейетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Жаңа салық кодексінің жобасында  барлығына салық ставкасын көтеру жоспарда жоқ. Корпоративтік қосымша салық құнын өсіру, ҚҚС ставкасын өсіру мәселесі талқыланды. Алайда Парламентке енгізілген жобаны қарасаңыздар, ставканы өсіру жоқ»,- деді Амрин «Жаңа салық кодексі: екі оттың арасында» тақырыбы бойынша өткен Astana Open Dialogue аналитикалық платформасының екінші отырысында.

Оның айтуынша, жеңілдіктерді қысқарту арқылы 1,3 трлн теңгені үнемдеу көзделіп отыр.

«Цифрландыру бойынша әкімшілендіруді жақсарту көзделген. Ол 500 млрд теңгеге тең. Сондай-ақ банк секторы, медицина, жылжымайтын мүліктер бойынша жеңілдікті қысқарту қосымша қаражат береді. Әкімшілікті нығайту аясында көлеңкелі экономикамен күресеміз»,- дейді ол.

Вице-министр көлеңкелі экономикамен күрес дегеніміз салық төлемейтін тұлғаларды анықтау екенін айтты.

«Сол үшін талаптарды күшейтіп, салық төлемейтіндерді азайту керек. Сәйкесінше,әкімшілендіру арқылы осы мәселелерді шешеміз»,- дейді Азамат Амрин.

Серіктес жаңалықтары