Астанада депутаттар «екі оттың арасында» қалған жаңа Салық кодексін талқылады
Депутат Еркін Әбіл Мәжіліс кодексті ашық талқылауға дайын екенін алға тартып отыр
«Жаңа салық кодексі: екі оттың арасында» тақырыбы бойынша өткен Astana Open Dialogue аналитикалық платформасының екінші отырысында Мәжіліс депутаты, AMANAT фракциясының мүшесі Еркін Әбіл кодекстің жаңашылдықтарын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жаңа салық кодексі мемлекет пен бизнес тұрғысынан қарағанда қаншалықты әділ деген сұрақ туындайды. Бүгін біз осы маңызды сұраққа жауап беруіміз керек деп ойлаймын. Заңда қоғам мен мемлекет, бизнестің басымдықтары ескерілуі керек»,- дейді Еркін Әбіл.
Оның айтуынша, қазір бизнес аз қаржы салып, көп табыс тапқысы келеді. Бірақ, ол атап өткендей, бұндағы басты мақсат – мемлекет, бизнес пен қоғамның қызығушылықтары арасындағы балансты ұстай білу.
«Бизнес аз қаржы салып, көп табыс тапқысы келеді. Мемлекет ресурстардың бөлінуін басқарғысы келеді және бюджетті баланста ұстауға мүдделі. Ал қоғам бюджеттің сұранысқа қарай бөлінуін қалайды. Біздің мақсатымыз - осылардың арасында тепе-теңдікті тауып, барынша мәселені шешу. Мемлекет, бизнес пен қоғамның қызығушылықтары арасындағы балансты ұстай білуіміз керек. Нақты норма жайлы айтудың қажеті жоқ деп есептеймін. Мәжіліс барлық талқылауға ашық. Салық кодекстің жеті бағыты бойынша өзгертулер қабылдауға әзірміз»,- дейді ол.
Айта кетейік, Astana Open Dialogue – бұл жария пікірталастар өткізу және аналитикалық құжаттар дайындау арналған тәуелсіз платформа.