Қысқарту кезінде кім кімнің туысы екеніне қарамаймыз – «ҚазМұнайГаз» басшылығы
Компания басшылығы шенеуніктердің балалары туралы сұраққа жауап берді
«ҚазМұнаqГаз» ҰҚ АҚ адами ресурстарды басқару жөніндегі директоры Дәулетжан Хасанов журналистердің «ҚазМұнайГаз» қызметкерлерінің көбі шенеуніктердің, депутаттардың балалары екені жасырын емес. Штатты қысқартқанда жұмысшылар тегі ескеріле ме?» деген сұрағына жауап берді.
«Шындығында бұл ақпарат қате. Мен компания қызметкерлерінің көбі жоғары лауазымды шенеуніктердің тегінде деп айта алмас едім. Олар да жақсы мамандар, иә, қыздары бар шығар, бірақ көпшілігі олай емес», - деді Д.Хасенов.
Оның сөзінше, дағдарысқа байланысты штат саны қысқарғанда, қызметкерлердің кімнің туысы екеніне мән берілмейді.
«Сондықтан қызметкерлер саны қысқарғанда, нақты принциптерге сүйенеміз. Азаматтардың тегі бұл процесте ешқандай рөл ойнамайтынына мен сенімдімін», - деп айтты ол.
Бұған дейін «Қазмұнайгаз» орталық аппараттағы қызметкерлердің саны 249 адамға қысқарып, басшылардың айлығы 30%-ға азаятынын мәлімдеген еді.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан