Мұнай барреліне 34 долларға дейін өсті
WTI 3,9%-ға, барреліне $30,68 дейін өсті
Brent маркалы мұнай фьючерсінің бағасы шілдеде 2,8% - ға, барреліне 33,74 долларға дейін өсті. Бұл туралы Нұр-сұлтан уақыты бойынша 8:00-де өткен сауда-саттық нәтижесінде белгілі болды, деп жазады Курсив.
«Российская газета» мәліметтері бойынша, АҚШ пен Еуропаның карантиндік шектеулерді біртіндеп алып тастауын күту нарыққа оптимизм сыйлап отыр. Сондай-ақ сәуір айында Қытайдағы статистика оңалды. Өткен айда ҚХР-дағы мұнай өңдеу көлемі 53,85 млн тоннаны құрады, бұл наурыз айымен салыстырғанда 11% - ға артық және өткен жылғы көрсеткіштен 0,8% - ға артық.
Халықаралық энергетикалық агенттік бұған дейін екінші тоқсанда мұнайға әлемдік сұраныс 19,9 млн.б/с-ға, 79,3 млн. б/с-ға дейін төмендеуі мүмкін деп айтылған есепті жариялаған болатын.