25.09.2024, 15:44
Экономика
Қашағанның жұмысы 38 күнге тоқтайды
Бұл туралы энергетика министрлігі хабарлады
https://www.ncoc.kz/
Қашаған кен орнындағы күрделі жөндеуге байланысты кешен 38 күн бойы жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Энергетика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, осы аралықта Қазақстан газдан тарықпайды.
«Қашағандағы күрделі жөндеуге байланысты мұнай мен газ алу 38 күнтізбелік күнге тоқтайды деген жоспар бар. Бұл аралық Қазақстан Республикасының Газ балансында есептелген. Егер осы мерзім ішінде ішкі нарыққа газ жетпей жатса, оны көрші елдерден аламыз»,- деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар дереккөз Қазақстан Қытай Халық Республикасының алдындағы газ экспорттауға қатысты міндеттерін толық орындап қойған.
Кешен 3 қазаннан бастап жөнделеді.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты