Астанада тұтас бір алаптың қуатын пайдаланған майнинг-ферма анықталды
Лицензиясы жоқ кәсіпорын құны 143 млн теңгеге тең актив жинап алған
Астанада бір тұрғын үй алабы тұтынатын энергияны бір айда өндіріп отырған заңсыз майнинг-ферма табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлағандай, күдікті тұлғалар 2022 жылдан бастап 2024 жылдың мамырына дейін заңсыз жұмыс істеп отырған.
«Осы аралықта олар тапқан заңсыз цифрлық активтердің құны 143 млн теңгеден асқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 1 300-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (ASIC), оларды салқындатуға арналған құрылғылар және қосалқы трансформаторлық станция тәркіленді. Бұдан басқа олардың электр энергиясы үшін 25,3 млн теңге сомасына төлем жасамағаны анықталды», - деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.