$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.10.2019, 14:46
Экономика

Түркістандағы «Шаян» индустриалды аймағы неге қаңырап тұрғаны белгілі болды

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, индустриалды зонаны салған мердігер мен тапсырыс беруші (кім екенін нақтылаған жоқ -авт) дауласып жүр

Түркістандағы «Шаян» индустриалды аймағы неге қаңырап тұрғаны белгілі болды

«Шаян» индустриалды аймағы салынған. Мердігер мен тапсырыс берушінің арасында дау бар. Бұл мәселе әлі күнге дейін қаралып жатыр. Сол дау біткеннен кейін индустриалды аймақты іске қосамыз», - деді Азаттық рухы тілшісінің сұрағына жауап берген ол.

Жалпы, әкімнің айтуынша, қазір облыста 8 индустриалды аймақ бар. Олар алып жатқан жер көлемінің жалпы ауданы 455 гектар. Сегіз аймақта қазір әкімнің сөзіне сенсек жалпы құны 41 млрд теңгенің 58 жобасы жұмыс істеп, 3600 адам жұмыспен қамтылған.

Айта кетейік, бұған дейін Azattyq Rýhсайты Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында құрылысы 2014 жылы басталған Шаян индустриалды аймағы қаңырап бос тұрғанын жазған.

 

Серіктес жаңалықтары