$ 513.68  583.03  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда аймақтардың бюджетін тексеретін комиссия таратылады

Оның орнына Жоғары аудиторлық палатаның аумақтық департаменттері ашылмақ

Қазақстанда аймақтардың бюджетін тексеретін комиссия таратылады
Фото: gov.kz

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда өңірлік тексеру комиссиялары таратылып, оның орнына Жоғары аудиторлық палатаның аумақтық департаменттерін ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы палата төрағасы Әлихан Смайылов өткізген отырыста белгілі болған.

«Бұл мүдделер қақтығысын болдырмауға мүмкіндік береді, себебі, бүгінде тексеру комиссияларына жергілікті бюджет ақша бөледі, ал, бұл аудиттің объективтілігіне әсер етуі мүмкін», - деп жазды палатаның баспасөз қызметі.

Осылайша, 2026 жылдан бастап жергілікті мәслихат депутаттары Жоғары аудиторлық палатаның тиісті аумақтық департаменті басшылығының екі өкілін тағайындай алады. Жалпы, дереккөзге сүйенсек, палата болашақта «Жоғары аудиторлық палата – Парламент» моделі бойынша жұмыс істемек.

Серіктес жаңалықтары