$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.04.2020, 17:48
Экономика

Бейнеүндеу: Қазақстан мұнай сервисі компаниялары Президенттен көмек сұрайды

1000-нан астам қазақстандық мердігер компания қиындыққа тап болған

Қазақстан мұнай сервисі компаниялар одағының төралға төрағасы Рашид Жақсылықов Мұнай сервисі компаниялары атынан Президентке бейнежолдау жасады, деп хабарлайды Аzattyq ruhy.

«Қазақстанның мұнай сервистік бизнесі бүгінде мұнайға сұраныстың төмендеуіне байланысты біршама қиындықтарға тап болып отыр. Нарықтағы жағдай шиеленесіп, мұнай бағасының рекордтық деңгейге дейін құлдырағанын көріп отырмыз. Сарапшылардың болжамдары алаңдатарлық, алдағы бір жылда олар әлемдегі дағдарыстың салмағы ауыр болатынын айтып ескертуде.

Біздің салада бүгін екі маңызды мәселені шешуі қажет: әр жұмыс орнын сақтап қалу және банкротқа ұшырамау. Осы орайда күрделі қиындықтарға тап болған мұнай сервисі саласындағы 1000-нан астам қазақстандық мердігер өзіңізге жүгінуге мәжбүр. Саламыздағы өзекті мәселелерін шешу үшін біз қысқа мерзімді және орта мерзімді қолдау шараларын әзірлеп, қарауыңызға ұсынып отырмыз. 

Егер отандық компанияларға бүгін қолдау көрсетпесек, ертеңгі күні бұл саланың қайта аяққа тұрып кетуі оңайға болмайды. Соңғы жылдары саладағы жергілікті қамту үлесін арттыруға едәуір күш жұмсалып, оның деңгейі 55% - ға дейін жетті. Осы жетістіктерден айырып қалмас үшін бірлесіп еңбек етуіміз қажет. Біздің мемлекетіміз осы мәселелерге жіті назар аударады деп сенемін», - дейді ол өз сөзінде.

Айта кетейік, әлемді жайлаған пандемия кесірінен сұраныс күрт азайып, мұнай бағасы соңғы 2 айда қатты құлдырап кетті. Кеше Brent маркалы мұнайдың баррелі 17 долларға дейін арзандады. Мұндай баға соңғы 18 жылда тіркелмеген. Сарапшылар қара алтын құны маусыма айында ОПЕК + елдері келісімі күшіне енген соң қалпына келеді деп үміттенеді.

Серіктес жаңалықтары