29.04.2024, 16:00
Экономика
Қор нарығында доллар бағамы тағы төмендеді
Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 доллар үшін 443,35 теңге
Фото: istockphoto.com
Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 441,44 теңгені құрап, 1,76 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 доллар үшін 443,35 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес, осы сәтте Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 441,59 теңгеге, сату – 442,85 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 441 теңгеден сатып алынады, 445,97 теңгеден сатылады.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады