23.04.2024, 17:25
Экономика
Доллар бағамы тағы да арзандады
Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 доллар үшін 444,326 теңге
Фото: istockphoto.com
Қазақстан қор биржасында (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 444,326 теңгеге жетіп, тағы 1,34 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қытай юанінің орташа бағамы да төмендеп, 61,31 теңгені (-0,18) құрады.
Ұлттық банк доллар бағамын – 445,66, еуроны – 474,58 теңгеге, ал рубльді – 4,78 теңгеге белгіледі.
Айырбастау пунктерінде доллар – 444,7-446,3 теңгеден, еуро – 474-478 теңгеден, ресей рублі – 4,69-4,79 теңгеден саудаланып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 22 сәуірде KASE күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 445,66 теңгені құрап, 0,78 теңгеге төмендеген болатын.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)