Қытай бірыңғай нарықты қалыптастаруға мүдделі

Аягөз Құрмаш

Биыл осы бастама күн тәртібінде жүзеге асырылмақ

Қытай бірыңғай нарықты қалыптастаруға мүдделі
Фото: Синьхуа

ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цян Бейжіңдегі Халық жиналысы үйі ғимаратында Мемлекеттік XIV Халық Құрылтайының екінші сессиясы барысында былтырғы көрсеткіштер жайлы баяндады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ли Цян ҚХР-дың 2024 жылғы жоспарында бірыңғай Бүкілқытайлық нарықты қалыптастыруды жеделдету бар екенін айтты.

«Бірыңғай Бүкілқытайлық нарықты салу бойынша стандартты нұсқауларды әзірлеу қажет. Меншік құқығын қорғау, нарыққа қол жеткізу, әділ бәсекелестік, әлеуметтік несие және  өзге салалардағы тәртіптер мен ережелерді біріздендіруге жәрдемдесу үшін ерекше күш салу керек. Нарықтық принциптер негізінде өндіріс факторларын бөлу бойынша кешенді пилоттық реформаларды тереңдету керек», - деді Ли Цян.

Оның айтуынша, әділ бәсекелестік қағидатының сақталуын бақылауды жүзеге асыруды реттейтін  әкімшілік-құқықтық актілерді әзірлеу, негізгі салаларға, қалыптасып келе жатқан бағыт пен сыртқы қатынастар саласындағы істерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларын жетілдіру қажет.

«Жергілікті протекционизммен, нарықты сегменттеумен және инвестициялар тарту саласындағы жосықсыз бәсекелестікке байланысты елеулі проблемаларды шешу бойынша нысаналы іс-шаралар жүргізу, сауда-саттық пен тендерлер нарығын реттеу мен басқаруды қарқындату қажет. Заңға сәйкес бақылауды жүзеге асырып, осы саладағы жауапкершілікті байыпты түрде нақтылау, бақылаудың фокусы мен тиімділігін арттыру, әділ бәсекелестікті қамтамасыз ететін нарықтық тәртіпті қатаң сақтау қажет», - дейді ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.