$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.04.2020, 03:40
Экономика

Қаңтар-наурызда картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат қымбаттаған

Мал шаруашылығы өнімдеріне баға өзгермеген

Қаңтар-наурызда картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат қымбаттаған

Ағымдағы жылғы наурызда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауылшаруашылық құрылымдары өткізген ауыл шаруашылығы өнімі 2%, өсімдік шаруашылығы өнімі - 2,6% қымбаттады, ал мал шаруашылығы өніміне баға – өзгермеген, деп хабарлайды Статистика комитетінің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда баға қарақұмыққа 15%, бидайға - 3%, жүгеріге - 0,9% қара бидайға - 0,5%, арпаға - 0,3%, күрішке - 0,2% өсті, ал тарыға 0,2%, сұлыға - 0,1% төмендеді.

«Картоп 2%, асханалық сәбіз - 1,8%, басты пияз - 0,5%, қырыққабат - 0,2% қымбаттады, ал асханалық қызылша 0,2% арзандады. Баға кептірілген бұршаққа 4,5%, кептірілген жасымыққа - 2%, күнбағыс тұқымына - 1,3% өсті, ал соя бұршаққа - 0,3% төмендеді.

Баға құс етіне 3%, шошқа етіне - 0,4% төмендеді, ал қой етіне 2,3%, ірі қара мал етіне - 2%, жылқы етіне - 1,5% өсті. Шикі сүт 3,6%, бал - 2,1% қымбаттады, ал тауық жұмыртқа 5,3% арзандады», - деп жазылған хабарламада

Серіктес жаңалықтары