Халықаралық валюта қорынан 90 ел көмек сұрады
ХВҚ-да 1 триллион доллар бар
Халықаралық валюта қоры басшылығы қазір әлемде қалыптасқан экономикалық ахуал бұрын-соңды болмағанын айтады. Қаржы ұйым басшылығы әлемге үлкен қауіп-қатер төніп тұрған сәтте бірге болу керекпіз деп есептейді. Бұл туралы FINANCEkaz телеграм каналы жазды.
«Біздің қолымызда 1 триллион доллар бар және біз осы қаражаттан қанша қажет болса, сонша пайдаланғымыз келеді»,- деді ХВҚ басқарушы директоры Кристалина Георгиева.
Қаржылық институт басшысы үлкен қауіп-қатер ретінде банкроттық пен жұмыс орындарын қысқарту толқыны болатынын атады. Бұл экономиканың қалпына келуіне кедергі келтіреді деп санайды.
«Біздің саясаткерлерге, әсіресе дамушы елдерге қатысты ортақ үндеуіміз - денсаулықты сақтау және адамдардың қайта жұмысқа шығуы бірдей жағдайда маңызды екенін айтқымыз келеді», - деп жазды Георгиева.
Ал ДДСҰ басшысы Тедрос Адхан өз мақаласында вируспен күресу үшін, әлеуметтік жағдай жақсы болу керек дегенді меңзейді.
«Адамдардың өмірі немесе экономика - бұл қиын дилемма. Вирусты бақылауда ұстау үшін, тіршілікті қамтамасыз ету қажет»,- деген пікір жазған.