Отандық тоқыма комбинатында жылына 2,5 млн-нан астам төсек-орын жабдығы шығарылады
Сондай-ақ, жылына 35 млн шаршы метр мата өндіріледі
«AZALA Textile» тоқыма комбинатында тәулігіне 5 мың төсек-орын жабдығы шығарылады. Осылайша, фабрика жылына 2,5 млн-нан астам төсек жабдықтарын, сондай-ақ 7 млн данадан астам түкті бұйымдарды шығара алады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды.
«Жалпы құны 3,8 млрд теңгені құрайтын «AZALA Textile» жобасы мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Фабриканы іске қосу импорт алмастыру және жаңа жұмыс орындарын ашу сынды мақсаттарды көздеді. Бүгінгі таңда компанияда 650 адам еңбек етеді», - делінген хабарламада.
«AZALA Textile» тоқыма өндірісі мақта – мата киім маталарын - бөз, миткаль, ені 155-ден 320 см-ге дейінгі атлас, киетін-твилл, дрилл, ені 160 см жартылай панама және орамал түкті, вафельді топтарды дайындайды. Мұнда жылына 35 млн шаршы метр мата өндіріледі.