ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты

Мұнай $25 құлдырады: Ұлттық банк мәлімдеме жасады

Доллар 450-460 теңге аралығында саудаланып жатыр 

Қазақстан Ұлттық банкі мен «Қазақстан қор биржасы» АҚ бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Өткен тәулікте жаһандық қаржы нарығы одан ары құбыла түсті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 25 долларға төмендеп, бір тәуліктің ішінде 14 пайызға құнсызданды.

Ал жыл басынан бері қара алтын 60 пайызға құлдырады. Сол сияқты, әлемдік қор және валюта нарықтары да әлсіреп барады. Ресей рублі бір күннің ішінде 7,3 пайызға, ал жылдың басынан бері ол 30 пайызға құнсызданған.

«Осындай жағдайда ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың тұрақсыздандыру ықпалын шектеу үшін және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында Ұлттық банк Қазақстан қор биржасымен бірге 2020 жылдың 19 және 20 наурызында теңге-доллар валюта жұбын Франкфурт аукционы түрінде сату шешімін қабылдады»,- делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Франкфурт аукционы түріндегі сауда-саттық жүргізу туралы шешім клиенттердің қолындағы өтініштерді қанағаттандырады, сондай-ақ валюта нарығындағы жағдайдың тұрақталуына ықпал етеді. Сауда-саттықтың бұдан ары қарайғы тәртібі туралы ақпараттар жариялы түрде айтылып отырады. Айта кету керек, Қазақстан қор биржасы 2005 жылдың 1 шілдесінде де Франкфурт аукционы түріндегі сауда-саттық арқасында қаржы-валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ете алған еді.

Brent маркалы мұнайдың 25 АҚШ долларына дейін құлдырауы 2003 жылы орын алған.  Ол кезде құлдырау 13%-ға дейін жеткен. Кеше Қазақстанда АҚШ доллары қор нарығында  439 теңгеге жетсе, бүгін валюта 450-460 теңгеден саудаланып жатыр.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Сұхбат