$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Экспорттық кедендік баждың ставкасы 14,7%-ға төмендеген - Ерұлан Жамаубаев

Ал негізгі экспорттық тауарлар бағасы орташа 12% -ға төмендеген

Экспорттық кедендік баждың ставкасы 14,7%-ға төмендеген - Ерұлан Жамаубаев
Фото ашық дереккөзден

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев салықтар бойынша жоспардың орындалуы туралы айтты, деп хабарлады Azattyq Ryhy.

«Республикалық бюджетке 4 трлн теңге кіріс түсті. Жоспар 92,3%-ке орындалды. Атқарылмаған бөлігі 336 млрд теңгені құрады. Атап айтқанда, салықтар бойынша жоспардың 369 млрд теңгеге орындалмауы негізінен корпоративтік табыс салығының, шикі мұнайға экспорттық кедендік баждың және қосымша құн салығының есебінен қалыптасты. Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 2023 жылдың 4 айында 258 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33%-ке немесе 86 млрд теңгеге азаюымен байланысты», - деді Жамаубаев.

Сондай- ақ, оған негізгі экспорттық тауарлар бағасының орташа 12%-ға төмендеуі әсер еткен.

«Шикі мұнайға экспорттық кедендік баж бойынша жоспардың негізгі орындалмауы экспорттық кедендік баждың нақты қалыптасқан ставкасының болжамды көрсеткішінен 14,7%-ға төмендеуімен байланысты болды», - деді министр.

Ерұлан Жамаубаев қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмауының себептерін атап өтті:

  •  тауар, жұмыс және қызметтерді өткізу бойынша айналым сомасының 13%-ға азаюы;
  •  қосылған құн салығы бойынша қайтарымының 37%-ға артуы;
  •  Еуразиялық экономикалық кеңес елдерімен импорт көлемінің 7% -ға азаюы.
Серіктес жаңалықтары