$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент субсидия алған кейбір пысықайдың шалқып өмір сүргенін айтты

Ол елдегі субсидиялық бағдарламалар нағыз шаруалар үшін қолжетімсіз екенін алға тартты

Президент субсидия алған кейбір пысықайдың шалқып өмір сүргенін айтты
Фото: Устинка LIVE

2019-2021 жылдары өнім өңдеуге берілген субсидияның тең жартысы субсидия аламын деушілердің 10 пайызының ғана қолына тиген. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2019-2021 жылдары өнім өңдеуге берілген субсидияны алайық. Бұл қаражаттың тең жартысы субсидия аламын деушілердің 10 пайызының ғана қолына тиген. Субсидия алған кейбір пысықайлар өндірісті өркендетудің орнына, бюджет қаржысын қалтасына басып, шалқып өмір сүрген. Ал қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны», - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, субсидия беру жүйесі өте күрделі және қажетті мәлімет көпшілікке қолжетімді емес.

«Субсидия бөлуді реттейтін жаңа цифрлық жүйе бұл түйткілді шеше алмай тұр», - деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары