$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.03.2020, 09:56
Экономика

Ұлттық банк базалық ставканы 12% көтерді

Бұған дейін ол 9,25% болған еді

Ұлттық банк базалық ставканы 12% көтерді

Ұлттық Банк өз құзыреті шеңберінде 10 наурыздан бастап базалық ставканы және проценттік дәлізді +/- 1,5 п.т. жылдық 12%-ке дейін арттыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.

«24 ақпанда коронавирустың әлемдік экономикаға таралу әсерінің күшеюі аясында жағдай күрт өзгерді. 6 наурызда ОПЕК+ отырысының қатысушылары мұнай өндіруді қысқарту бойынша мәміленің талаптары туралы келісе алмады. Ресей өндіруді төмендету ұсынысын қолдамады. Осыған байланысты Сауд Арабиясы ағымдағы жылғы 8 наурызда әлемнің барлық өңірлері үшін өз мұнайының бағасын төмендету және мұнай өндіруді тәулігіне ағымдағы 9,7 млн баррельден 12 млн баррельге дейін ұлғайтуға дайын екендігі туралы шешімін хабарлады», - деді Е.Досаев.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, бұл жағдай мұнайдың әлемдік бағасын айтарлықтай төмендеткен. 9 наурызда Brent маркалы мұнай әлемдік нарықтарда бір баррель үшін 31-36,5 АҚШ доллары шеңберінде саудаланды, алдыңғы күнмен салыстырғанда төмендеу 30%-тен асты.

Ұлттық банк баға тұрақтылығын сақтау үшін базалық ставканы арттыру туралы шешім қабылдады.

«Сыртқы сектор тарапынан өскен тәуекелдер аясында баға тұрақтылығын қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ теңгенің айырбастау бағамын қорғау қажет. Сондықтан Ұлттық банк өз мандаты шеңберінде кезектен тыс отырыста ағымдағы жылғы 10 наурыздан бастап базалық ставканы және проценттік дәлізді +/- 1,5 п.т. жылдық 12%-ке дейін арттыру туралы шешім қабылдады. Базалық ставканы арттыру макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтауға жағдай жасайды және сыртқы сектордың ішкі бағаларға және долларизация теріс әсерінің алдын алады», - деді Ұлттық банк басшысы.

Серіктес жаңалықтары