Ресей ОПЕК+ талабына қарсы: мұнай бағасы құлдырайды
Ресей өндірісті тәулігіне 2,2 млн баррелден азайтуға қарсы
Ресейлік жоғары лауазымды дереккөз Мәскеу ОПЕК+ жоспары бойынша қосымша өндіруді қысқарту туралы бастамын қолдамайтынын және тек қолданыстағы мәмілені ұзартуға келісетінін хабарлады, деп жазады «Kazservise» компаниялар одағы.
Ресейлік дереккөздің айтуынша, бұл ұстаным өзгермейді. Айта кету керек, Қазақстан бүгін ОПЕК+ жаңа талабын орындайтынын ресми мәлімдеді.
Еске сала кетсек, қазіргі ОПЕК+ келісімі бойынша ОПЕК+ елдерінен биылғы бірінші тоқсанның соңына дейін мұнай өндірудің жалпы көлемін тәулігіне 1,7 млн.баррельге азайту ұсынылды. Ал бүгінде 2018 жылдың желтоқсан айында қабылданған қолданыстағы келісім аясында Қазақстанның мұнай өндіру бойынша міндеттемесі тәулігіне 1,843 млн.баррель болып отыр.
«Standard Chartered Bank қаржы корпорациясының болжамында егер ОПЕК елдері+ уағдаластыққа келмесе, мұнай бағасы барреліне 30 долларға дейін құлдырауы мүмкін»,- делінген ақпаратта.
Әлемдік мұнай бағасы кеше 5% арзандады. Brent маркалы мұнай 2017 жылдың шілдесінен бері бірінші рет барреліне $48 түсті.