$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.03.2020, 12:41
Экономика

Сенат спикері отандық жеңіл өнеркәсіптің дамуын тежеп отырған алты факторды атады

Соның бірі - жеңіл өнеркәсіптің болашағына деген сенімнің жоқтығы

Сенат спикері отандық жеңіл өнеркәсіптің дамуын тежеп отырған алты факторды атады

Бүгін Сенатта «Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі: қазіргі жай-күйі және өнімділігі жоғары бизнестің даму болашағы» тақырыбында Парламенттік тыңдау өтті.

Әңгімесінің әлқиссасын «жеңіл өнеркәсіп - Қазақстан өнеркәсібіндегі ең проблемалы сектор» деп бастаған Сенат спикері Дариға Назарбаева отандық жеңіл өнеркәсіп саласының дамуын тежеп отырған басты алты себепті атады.

  • Ең алдымен өндірістің қымбаттығы. Біздің отандық кәсіпорындар заманауи жабдықтар мен арзан жұмыс күшін қолданып отырған азиялық өндірушілермен бәсекелес болуға мәжбүр. Сондықтан олармен салыстырғанда өнім қажет мөлшерден әлдеқайда аз.
  • Қажетті жабдықтардың жоқтығы. Кеңестік жабдықтардан басқасының бәрі импорттық, көпшілігі тозығы жеткен жабдықтар. Отандық кәсіпорындардағы жабдықтарды жаңарту коэффициенті жылына 3-4 пайызды құрайды. Жабдықтарды жаңалау кредитке немесе кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады, шетелдік фирмаларда бұл көрсеткіш 15-17 пайызды құрайды және көбіне мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.
  • Шикізат тапшылығы. Елімізде синтетикалық материалдар өндірілмейді, дегенмен табиғи отандық шикізаттың тапшылығы қатты сезіліп отыр. Қазақстандық өнімдегі шикізаттың өзіндік құны 60 пайызды құрайды.
  • Мемлекеттік қолдауға мәжбүрлік. Отандық жеңіл өнеркәсіп секторы инвестиция көлемінің аздығынан зардап шегіп отыр. Кәсіпорындар көп жағдайда банктерден несие ала алмайды. Екінші деңгейдегі банктер бизнестен түскен өтінімдерді қараған кезде кепіл мүлкін өте төмен мөлшерлеме бойынша бағалайды. Кредит алған кәсіпорындар ғимаратын салып бітірмей, жабдықтарды алып үлгермей жатып төлем төлеуді бастауға мәжбүр.
  • Жеңіл өнеркәсіптің болашағына деген сенімнің жоқтығы. Өткен жылы жеңіл өнеркәсіптің жалпы өнеркәсіптік өндірістегі үлесі небәрі нөл бүтін оннан төрт пайызды (0,4%) құрады. Егер ертең жеңіл өнеркәсіп жойылып кетсе, қарапайым тұтынушылар мұны байқамауы да мүмкін.
  • Көлеңкелі импорт мемлекет пен отандық кәсіпкерлердің еңбегін жоққа шығарып отыр. Салық пен баж төлемдерінің жоқтығы мен сапасының төмендігіне байланысты контрафакт арзан түседі.

Ал, «Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының «Qaz Textile Industry» ұлттық бірлестігі» директорлар кеңесінің мүшесі Сәуле Шәуенова Сенатта өткен жиында отандық бизнесті қолдауда инвестициялық саясатты өзгертуге кеңес берді

Әсел Тұмашқызы, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары