21.10.2025, 09:43
AR trend
«Бақыт құшағында»: Әлия Әнуарбек тұрмысқа шығатынын мәлімдеді (ВИДЕО)
Оған сүйіктісі сөз салған
Фото: постер
Актриса Әлия Әнуарбек Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында жақында тұрмысқа шығатынын мәлімдеді. Оның сүйіктісі сөз салған, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Бақыт құшағында» фильмінің түсірілімінде шынымен де, бақыттың құшағында болдым. Иә, ол маған сөз салды. Енді мен қалыңдықпын», - деді Әлия Әнуарбек.
2020 жылы Әлия Әнуарбектің күйеуі ауыр дерттен көз жұмған еді. Әлия мен Азамат 2014 жылы шаңырақ көтерді. Арада екі қыздары бар.. Актриса «Жаужүрек мың бала» фильмінде басты рөлді ойнап, көпшілікке танымал болды.
«Бақыт құшағында» атты тұңғыш jukebox мюзиклінің тұсаукесері бүгін Астанада өтеді. Басты рөлдерді Дәурен Серғазин мен Әлия Әнуарбек сомдайды.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды