$ 538.56  625.65  6.62
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 15:10
Қоғам

Қазақстандағы оқушы қыздарды болашақта акушер-гинекологтар тексеруі мүмкін

Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында Жұлдыз Сүлейменова мәлім етті

Қазақстандағы оқушы қыздарды болашақта акушер-гинекологтар тексеруі мүмкін
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстандағы ерте жүктілік мәселесін жүйелі түрде шешу үшін оқу-ағарту министрлігі денсаулық сақтау министрлігімен бірге мектептерге акушер-гинеколог мамандарын қайтармақ, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлім етті.

«Ерте жүктілік мәселесі бүгінгі таңда өзекті проблемалардың бірі. Осыған байланысты жалпы мемлекет тарапынан болатын жүйелі шешімге келетін болсақ – қазір мектептерде акушер-гинеколог деген нақты маман жоқ қой. Соны қайтару мәселесі бойынша денсаулық сақтау министрлігімен жүйелі жұмыс бастадық», - деп мәлім етті Сүлейменова.

Айта кетейік, күні кеше Түркістан облысы Келес ауданында 71 жастағы зейнеткер көршінің 15 жастағы қызын зорлап, жүкті қылғаны анықталған еді. Қыз бала Астанада босанған.

 

Серіктес жаңалықтары