ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 110 мың адамға жуықтады

Тоқаев пен Чакрабарти коронавирус жағдайындағы әлемдік экономика жайлы сөйлесті

Банк басшысы Тоқаевты президент қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтады

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартиді қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сума Чакрабарти Қазақстан мен ЕҚҚДБ арасындағы қатынастардың қазіргі ахуалы мен ынтымақтастығының алдағы перспективаларын, оның ішінде бірлескен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын талқыланған. Сондай-ақ тараптар коронавирус індетінің теріс әсері жағдайындағы әлемдік экономиканың дамуы туралы пікір алмасқан.

Ақорданың хабарлауынша, Сума Чакрабарти Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтап, осы аралықта елімізде атқарылған саяси және экономикалық реформаларға, әсіресе, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына жоғары баға берген.

«Лондондағы бас офисіміздегі команда мен Қазақстандағы өкілдіктің пікірінше, сіздің біліміңіз бен халықаралық қатынастардағы мол тәжірибеңіз еліңіздің дамуына елеулі үлес қосады. Біз сіздің барлық бастамаларыңызды қолдаймыз, президент ретінде бір жылда атқарған табысты жұмыстарыңызға ризашылық білдіреміз», – деді ЕҚҚДБ басшысы.